Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, жел, тұман: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Бұлтты күн
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 15 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, 15 сәуірде түнде және тәңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

15 сәуірде Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

15 сәуірде түнде және таңертең Қызылорда облысының батысында найзағай ойнайды деп болжануда.

15 сәуірде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 16 м/с дейін жетуі мүмкін.

15 сәуірде Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтілуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер сәуір айына арналған маусымдық ауа райы болжамын ұсынған еді.

Метеорологтардың хабарлауынша, сәуірде республиканың көп бөлігінде қар еріп, күн ұзарып, ауа температурасы одан әрі жоғарылайды.

Бұл айда найзағай, бұршақ, шаңды дауыл сияқты құбылыстар жиі кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965100-naizagai-zel-tuman-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/

pixel