Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"12 жыл бойы дертімен күресіп келем": Көпбалалы ана тұңғыш ұлының еміне жанұшыра көмек сұрады

Опубликовано:

Еркебұлан Дүйсебай
Еркебұлан Дүйсебай. Фото: жеке мұрағат

12 жастағы Еркебұлан Дүйсебай туа бітті сал ауруына шалдыққан. Төрт баланың үлкені өздігінен жүре алмайды, әлі күнге дейін тілі де шықпаған. Аяғын баса алмайтын ұлын арқалап, анасы шырылдаумен жүр. Қасиетті Рамазан айында Еркебұланның кезекті еміне қаражат жиналмай жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еркебұланның анасы Қаршыға Амантаева - төрт балалы ана. Баспанасы жоқ, қала шетінде пәтер жалдаумен күнелтуде. Ал 12-ге толған тұңғышы Еркебұлан сал ауруының ауыр түріне шалдыққандықтан, ерекше күтімді қажет етеді. Әсіресе, оның екі аяғы еркіне бағынбайды. Сондықтан анасы елден көмек сұрап, ұлын оңалту орталығына апару үшін барын салуда.

"Алла адамды баламен сынамасын деген дұрыс екен. Оны тек басына түскен жандар ғана біледі. Тұрмыстың тауқыметінен бөлек, ұлымның кемтар болғаны жанымды ауыртады. Бірақ 12 жылдан бері баламның осы ауруымен күресіп келемін. Бір жағынан, үйреніп те қалдым. Ұлымды қалай бар, солай жақсы көремін. Кейде оның қиналғанын көріп, барлық ауыртпалығын өзіме алғым келеді. Амал жоқ, құдай осындай сынақ берді.

Былтыр көпшіліктің көмегімен Еркебұланның аяғына ота жасалды. Бұл оның дертін аз да болса жеңілдетті. Қазір ұлым 3-4 қадам жасайды өздігінен. Оған үш ай сайын оңалту орталығына барып, ем алып тұру қажет. Алайда қолымның қысқалығынан емге үнемі бару мүмкін болмай тұр. Оңалту орталығына барған соң, баламда жақсы өзгерістер байқалады.

Дәрігерлер кезекті рет емге апаруымды сұрап отыр, бірақ оған 800 мың мен 1 миллион теңге аралығында қаражат керек. Аналық жүрегіммен қасиетті айда халықтан көмек сұраймын. Сіздердің көмектеріңізге қатты мұқтаж боп тұрмын. Пітір садақаларыңызды бізге беріңіздерші", - дейді Қаршыға.

12 жасар Еркебұлан Дүйсебайға көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspi Gold тіркелген телефон нөмері: 8 705 602 49 19, анасы Қаршыға Амантаева

Kaspi картасы: 44 00 43 01 08 02 10 95

Халық банк картасы: 44 05 63 98 03 86 64 56

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965156-12-zyl-boiy-boiy-dertimen-kuresip-kelem-kopbalaly-ana-tungys-ulynyn-emine-zanusyra-komek-surady/