Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлап, иесіне сатпақ болған жігіт ұсталды

Опубликовано:

Көлік нөмірлерін ұрлаған күдікті ұсталды
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлап, оны иесіне сатпақ болған 26 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаевтың айтуынша, ұсталған азамат Алматыға бір апта бұрын келген. Ол қылмыстық жолмен күн көруді ұйғарған.

Сөйтіп, тұрғын үйлердің ауласында тұрған көліктердің мемлекеттік тіркеу белгілерін шешіп алып, иесіне оны 10 мың теңгеге "сатып алу" туралы ұсыныспен хат қалдырған. Хатты көліктің алдыңғы әйнегіне қыстырып кеткен.

"Біздің ауданда ғана күдіктінің осындай жеті ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Ол осы эпизодтардағы кінәсін мойындайды", - дейді Елнұр Құдретбаев.

Полиция өкілінің сөзінше, бұған дейін күдікті мұндай қылмыс үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Одан бөлек Елнұр Құдретбаев күдіктің шаһардың басқа жерлерінде орын алған өзге де қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965194-almatyda-kolikterdin-memlekettik-tirkeu-nomirin-urlap-iesine-satpaq-bolgan-zigit-ustaldy/