Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды мен Ұлытау облыстарының құрамына қай аудандар кіретіні белгілі болды

Опубликовано:

Жезқазған қаласы
Жезқазған қаласы: saryarqanews.kz

Қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында өңірдің жаңа әкімшілік-аумақтық бөлінісі талқыланды. Жиын барысында жаңадан құрылатын Ұлытау облысына қандай қалалар мен аудандар кіретіні белгілі болды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Ұлытау облысына Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалалары мен Жаңаарқа және Ұлытау аудандары қосылмақ.

Ал Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және Приозерск қалалары, сондай-ақ Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандары Қарағанды облысының құрамында қалады.

"Шешім тексерілді. Аймақтың бөлінуі барлық жағынан қарастырылған. Тұрғындардың пікірлері ескерілді", – дейді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Еске сала кетсек, 16 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Ұлытау облысын құрып, оның орталығы етіп Жезқазған қаласын бекіту туралы бастама көтерген болатын.

Сондай-ақ президент Семей қаласының аумағында Абай облысын құруды ұсынды.

Одан бөлек мемлекет басшысы Алматы облысының Жетісу және Алматы облысы болып екіге бөлінетінін айтты.

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы, ал Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965202-qaragandy-men-ulytau-oblystarynyn-quramyna-qai-audandar-kiretini-belgili-boldy/