Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілуі мүмкін

Опубликовано:

Әуежайдың іші
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қостанай" халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы үкімет қаулысының жобасы жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қостанай" халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін", - делінген құжат жобасында.

Қоғамдық талқылау Ашық НҚА сайтында 29 сәуірге дейін жалғасады.

Айта кетейік, Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, түркітанушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Орал әуежайына Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965206-qostanai-xalyqaralyq-auezaiyna-axmet-baitursynulynyn-esimi-berilui-mumkin/