Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ресейлік "Сбер" цифрлық үкімет платформасынан бас тартты

Опубликовано:

Ноутбук алдында отырған адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстан ресейлік "Сбер" цифрлық үкімет платформасынан бас тартқанын мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жамбакиннің хабарлауынша, геосаяси жағдайға байланысты және тәжірибеге сүйеніп, "ҰАТ" акционерлік қоғамымен қазақстандық IT-компанияларды тарта отырып, жаңа платформа жасау туралы шешім қабылданған.

"Қазір техникалық-экономикалық сараптама жасалуда. Оған 2-3 жылда көшеміз, биыл жыл соңына дейін жаңа платформаның алғашқы қызметтері әзірленіп, қолданысқа енгізіледі", - дейді вице-министр.

Дегенмен Жамбакин бұған қанша қаражат жұмсалатынын ашып айтпады.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстан үкіметі мен ресейлік "Сбер" компаниясы арасында Қазақстанның цифрлық трансформациясы, цифрландыру платформасының моделіне көшу жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған еді.

Сондай-ақ платформаны іске қосуға 500 миллион теңге бөлінетіні туралы ақпарат тарады.

Кейінірек, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин неліктен Egov платформасын көшіру үшін ресейлік "Сбер" таңдалғанын және әлемдік компаниялар арасында конкурс өткізілмегенін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965214-qazaqstan-reseilik-sber-cifrlyq-ukimet-platformasynan-bas-tartty/