Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Форма толтырып отырады": Елде мемқызметкерлердің жұмысын азайту жоспарланып отыр

Опубликовано:

Құжат
Фото: pixabay.com

Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин ОКҚ-да өткен онлайн бриифнгте мемлекеттік қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту турасындағы жоспарын бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асқар Жамбакин өткен жылы және осы жылдың басында мемлекеттік қызметкерлер тапсыратын есепке сараптама жүргізілгенін хабарлады,

"Мемлекеттік органдар есептердің 500-ге жуық бірегей нысанын бір-бірінен сұратып отыр. Мемлекеттік қызметкерлер күні бойы тек осы іспен айналысады, Мамандар тек бір-біріне, түрлі мемлекеттік органдарға арналған формаларды толтырады", - деп қосты спикер.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда есептердің 30% - дан астамы автоматтандырылған. Көп бөлігі көрсеткіштерді қайталайды.

"Біз алдағы жылдары есепті 50 пайызға дейін қысқартуды мақсат етіп отырмыз. Келесі жылға дейін (жоспарланған – ред) техникалық деректерді жинауды кем дегенде қайталауды алып тастаймыз. Әр салада сандық есеп пайда болуы керек",- деді Асқар Жамбакин.

Бұған дейін бюрократиямен күресу үшін мемлекеттік органдар үшін қағаз сатып алу үш есе қысқаратыны туралы хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965249-forma-toltyryp-otyrady-elde-memlekettik-qyzmetkerlerdin-zumysyn-azaitpaq/