Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура қаржы пирамидасы ісі бойынша Мейіржан Төребаев неліктен қамауға алынбағанын түсіндірді

Опубликовано:

Мейіржан Төребаев
Фото: Instagram/meirzhach_tv

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратура өкілдері блогер Мейіржан Төребаевтың қаржы пирамидасы ісі бойынша тергеу мерзімінде неліктен қамауға алынбай, кепілмен босатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Барлық мән-жайлар ескеріледі - тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелуі, кәмелетке толмаған балаларының болу-болмауы, қылмыс жасаудағы рөлі.

Осы жайттарды ескере отырып, сот оған қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Адамның қамауға алынбауы оның қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын білдірмейді", - деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ішкі істер министрлігі де қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс бойынша қазақстандық блогерлердің неліктен ұсталмағанын түсіндірген болатын.

Сондай-ақ, блогерлер күдікті ретінде саналған қаржы пирамидасы ісі бойынша тергеу жақын арада аяқталатыны, кейін ол сотқа жолданатыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965254-bas-prokuratura-qarzy-piramidasy-isi-boiynsa-meiirzan-torebaev-nelikten-qamauga-alynbaganyn-tusindirdi/

pixel