Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда 57 жастағы ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Орал қаласында 57 жастағы ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Болат Ғиметдинов 12 сәуір күні шамамен сағат 17.00-де Алаш көшесіндегі "Ақ жол" техникалық қызмет көрсету стансасынан шығып, белгісіз машинаға отырып кеткен.

Содан қайта үйіне оралмағаны белгілі болды.

Ер адамның ерекше белгілері:

  • толық денелі, бойы 160-165 см, қысқа қиылған шашына ақ түскен, мұрнында жарақат орны бар.
  • Үстіне қара күрте, сұр трико, аяғына кроссовка киген.
  • Өзімен бірге сұр түсті Айфон 5с маркалы ұялы телефоны болған, нөмірі – 8-777-569-26-64.

"Осы ер адамды көргендер немесе қайда екенін білетіндер болса, 8(7112)92-18-04, 92-18-96, 8-702-790-44-50, 8-705-747-99-99 телефондарына қоңырау шалуына немесе rozyskuralska@bk.ru электронды поштасына жазуға болады", деп хабарлады ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965261-oralda-57-zastagy-er-adam-us-kunnen-beri-izdestirilip-zatyr/