Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысындағы аудандардың бірінде төтенше жағдай режимі жарияланды

Опубликовано:

Атырау
Фото: gov.kz

Атырау облысы Миялы ауылының батыс бетінде 50 метр жер биіктетіліп, қорғаныс бөгеттері күшейтілді, деп хабарлайды өңір әкімінің ресми сайты.

Ойыл өзенінің тасуына байланысты Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында. Бұл жайында өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жазған.

Қазіргі таңда аймақта қорғаныс мақсатында 300 тонна құм және 500-ден астам топырақ толтырылған мөшек қойылған.

Оқиға орнында 3 ауыр техника (2 КАМАЗ, 1 погрузчик), 70-ден аса ауыл жастары еріктілер жүр. Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері қаупі бар аймақтарда күшейтілген кезекшілікте тұр.

Бүгін ауылдағы үйлерді су басуының алдын алу үшін "Миялы-Қарабау-Индер" автожолын жыру туралы шешім қабылданған. Қауіп сейілгеннен кейін жол қалпына келтірілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965266-atyrau-oblysyndagy-audandardyn-birinde-totense-zagdai-rezimi-zariyalandy/