Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейді ұрып-соққан ШҚО тұрғыны 5 жылға сотталды

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының 34 жастағы тұрғыны полицейді ұрып-соққаны үшін Қылмыстық кодекстің 380-бабыбен кінәлі деп танылды. Осылайша, ер адам соттың үкімемен 5 жылға темір торға тоғытылған, деп хабарлайды altaynews.kz.

Өткен жылы 23 наурызда 30 жастағы полиция қызметкері қызметтік міндеттерін орындау кезінде ер адамды медициналық куәландыруға жеткізу үшін шақыртуға келген.

Алайда, алкогольдік сусын ішіп алған тұрғын тәртіп сақшысының заңды талаптарын орындаудан бас тартып, полицейдің ішінен қасақана металл сыммен ұрған. Құзырлы орган маманының киім-кешегінің зақымдағаны белгілі болды.

"Полицейдің кәсіби іс-әрекеті арқасында ер адам қарусыздандырылып, ұсталды. Сот үкімімен оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ағымдағы жылдың 3 айында Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің тергеу бөлімшелерінің өндірісінде полицейлерге қарсылық көрсету фактісі бойынша қозғалған 9 қылмыстық іс болды", - делінген өңірдің полиция департаментінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965276-policeidi-uryp-soqqan-sqo-turgyny-5-zylga-sottaldy/