Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екпінді жел, найзағай: Синоптиктер еліміздің 8 өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Үйір жылқы
Көрнекі фото: pixabay.com

Метеорологтар еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктер мәліметінше, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында ертең, 16 сәуірде найзағай жарқылдайды.

Ал Түркістан облысында шаңды дауыл болады деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар, ауа райын болжаушылар Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында екпінді жел болатынын ескертті.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер сәуір айына арналған маусымдық ауа райы болжамын ұсынды.

Метеорологтардың хабарлауынша, көктемнің екінші айында республиканың көп бөлігінде қар еріп, күн ұзарып, ауа температурасы одан әрі жоғарылайды.

Бұл айда найзағай, бұршақ, шаңды дауыл сияқты құбылыстар жиі кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965305-ekpindi-zel-naizagai-sinoptikter-elimizdin-8-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/