Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында пара алды деген күдікпен шенеуніктер ұсталды

Опубликовано:

қаржы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қызылорда облысында пара алды деген күдікпен шенеуніктер ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми сайты.

"Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірдің Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мен бас маманына қатысты аудиторлық тексеру жүргізу кезінде жалпы сомасы 1 280 000 теңге пара алу фактілерін анықтап, тергеу жүргізуде.

Бұл ретте Қызылорда облысының "Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ басшысы тексеріс барысында оң шешім қабылдағаны үшін жоғарыда аталған тұлғаларға 50 000 теңге сомасында пара берген",- делінген агенттік хабарламасында.

Соған байланысты Қызылорда облысының ІМАД лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу соты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Өзге ақпарат тергеу барысында жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965307-qyzylorda-oblysynda-para-aldy-degen-kudikpen-seneunikter-ustaldy/