Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай мерекелік отшашу болмайды

Опубликовано:

Отшашу
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне орай мерекелік отшашу болмайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дегенмен мамыр айындағы мерекелер аясында көптеген шара өткізу жоспарланып отыр.

Елорда мәдениет басқармасының дерегінше, 9 мамыр күніне орай арнайы мерекелік отшашу ұйымдастыру жоспарда жоқ. Дегенмен, Нұр-Сұлтанда мамыр айына 40-тан аса шара ұйымдастырылмақ.

Ведомство аталған шаралардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, офлайн форматта өтетінін де хабарлады.

Тек "Жаужүрек полк" акциясын биыл "Жаужүрек полк" бірыңғай ақпараттық платформасында әлеуметтік желідегі танымал аккаунтармен бірге онлайн форматта өткізу жоспарлануда.

"Мұнда акцияға қатысушылардың бірыңғай дерек қоры болады. Сонымен қатар соғысқа қатысқан қазақстандықтар мен ардагерлер жайлы тарихи анықтамалар мен мұрағат деректері біріктіріледі. Платформа кез келген адамға соғысқа қатысқан жақындары туралы мәліметті қалдыруға және жыл сайынғы акциялар кезінде пайдалануға мүмкіндік береді", - деді әкімдікте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965314-nur-sultanda-zenis-kunine-orai-merekelik-otsasu-bolmaidy/