Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда мас күйдегі азамат түнде тоғыз көлікті сындырып кеткен (видео)

Опубликовано:

Көлік
Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

Нұр-Сұлтанда мас күйдегі азамат жаппай бүлік жасап, автокөліктердің алдыңғы әйнектерін сындырып кетті, деп хабарлайды елорда полициясының ресми Instagram парақшасында.

Түнгі уақытта ер адам Біржан Сал көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында бірнеше көліктің әйнегіне залал келтірген.

Полиция қызметкерлері аталған үйде пәтер жалдап тұратын Екібастұз қаласының 40 жастағы тұрғынын ізін суытпай ұстады. Ер адамның айтуынша, ол түнгі уақытта мас күйінде үйдің ауласында тұрып, тұраққа қойылған тоғыз көліктің шынысын сындырған.

Қазіргі уақытта күдікті полицияға жеткізілді, бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Көлік иелеріне келтірілген залал сомасы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965320-nur-sultanda-mas-kuidegi-azamat-tunde-togyz-kolikti-syndyryp-ketken-video/