Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы бойынша ТЖД бастығының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Доллар
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ресми Telegram парақшасында Алматы облысы бойынша ТЖД бастығының орынбасары пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

"Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары ("үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды) және Алматы облысы Қапшағай қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы әшкереленді.

Олар адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы казино өкілінен жалпы қамқорлық таныту үшін 1000 АҚШ доллары сомасында пара алған",- делінген хабарламада.

Агенттік қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатқанын да атап өтті.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа да мәліметтер жария етілмейді.

Айта кетейік осыған дейін Қызылорда мен Атырау облысында пара алды деген күдікпен лауазымды шенеуніктер ұсталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965321-almaty-oblysy-boiynsa-tzd-bastygynyn-orynbasary-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/