Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде шенеунік декреттік демалысқа шықты

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: Pexels

Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлан Әубәкіров бала күтіміне байланысты демалысқа шықты. Осыған байланысты әкімдік бос лауазымға конкурс жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Басылымның мәліметінше, қалалық әкімдіктің сайтында дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлан Әубәкіров 2023 жылдың 25 қазанына дейін декреттік демалысқа кеткен. Осыған байланысты оның орнына жаңа басшы іздеп жатыр.

Әзірге оның міндеттерін ведомствоның бас маманы Бақытжан Егізбаев атқарып жатыр.

Хабарландыруда үміткерлердің құжаты 18 сәуірге дейін қабылданатыны көрсетілген.

Кандидатта сабырлық, бастамашылық, адалдық, стратегиялық ойлау және басқа да дағдылар болуы керек.

Дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының қызметтік еңбекақысы 380 391 теңгені құрайды. Дегенмен қызметкердің еңбек өтіліне байланысты сома әртүрлі болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965326-semeide-seneunik-dekrettik-demalysqa-syqty/