Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы спецтехпаркинг сервис" компаниясының директоры қамауға алынды

Опубликовано:

Сот12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Алматы спецтехпаркинг сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, тергеу сотының қаулысы бойынша сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылған.

Сот "Алматы спецтехпаркинг сервис" директоры Пірінбековке қатысты 2 ай мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұған дейінгі бұлтартпау шарасын санкциялағанын хабарлады.

"Алматы спецтехпаркинг сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі оңтүстік астанадағы ақылы тұрақтарды да қадағалайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда AlanParking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынған еді.

Сонымен қатар наурыз айының ортасында Қайрат Боранбаев ұсталған болатын. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965510-almaty-spectexparking-servis-kompaniyasynyn-direktory-qamauga-alyndy/

pixel