Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада 230 км/сағ жылдамдықпен көлік айдаған жүргізуші қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Жылдамдықты асырып көлік айдаған
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылордада көлікті 230 км/сағ жылдамдықпен айдаған жүргізушінің видеосы желіде қызу талқылануда. Видеоға қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қызылорда. Қаланың ортасында 240 км\сағ жылдамдықпен", - делінген видеода.

Қызылорда облысы полиция департаментінің мәліметінше, 10 сәуір күні Назарбаев даңғылы бойында мемлекеттік кірістер департаментінің жанында орналасқан стационарлық жылдамдық өлшегіш сағат 06.05-те жылдамдықты арттыру фактісін тіркеген екен.

Mercedes-Benz автокөлігі сағатына 230 шақырым жылдамдықпен жүріп өткен.

"Жылдамдықты арттыру фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 592-бабы 3-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды. Жүргізушіге 20 айлық есептік көрсеткіш (61 260 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Қазіргі уақытта айыппұл өндірілді", — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965542-qyzylordada-230-kmsag-zyldamdyqpen-kolik-aidagan-zurgizusi-qyzu-talqyga-tusti/