Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен жылы елімізде 47 мың адам екінші рет некеге тұрған

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

2021 жылы некеге тұрған қазақстандықтардың саны 2020 жылмен салыстырғанда 8,9% өскен. Өткен жылы ресми түрде 140,3 мың неке тіркелді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Бюро мәліметіне сүйенсек, отбасын құрғандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында (1000 адамға 10,10), одан кейін Алматы (1000 адамға 9,40) және Атырау облысында (1000 адамға 7,86) тіркелген.

Ең аз неке Қостанай облысында (1000 адамға 6,24) қиылған.

Өткен жылы алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлер арасында 27,9 болса, әйелдер арасында 25,2 жас болған. Сонымен қатар бұрын ажырасқан 25 мың ер адам мен 22 мың әйел өткен жылы қайтадан некеге тұрған.

Қазақстандықтар үйлену үшін шілде, тамыз және қыркүйек сияқты айлардан бөлек, наурызды да көп таңдаған. Ол айда 12 мың отбасы тіркеуден өткен. Некелердің 70,9%-дан астамы қала тұрғындары арасында қиылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965872-otken-zyly-elde-47-myn-adam-ekinsi-ret-nekege-turgan/

pixel