Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Ресей арасында халықаралық автобус бағыттары қайта жанданады

Опубликовано:

Жолаушы
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік "Омскоблавтотранс" тасымалдаушысы 22 сәуірден бастап бірқатар халықаралық бағыт бойынша рейстерге қызмет көрсетуді қайта бастайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Халықаралық автобус қатынасы Омбы-Павлодар, Омбы-Көкшетау және Омбы-Петропавл бағыттары бойынша жаңғыртылады.

  • Омбы–Павлодар бағыты Омбы автовокзалынан 22 сәуірден бастап күн сайын 15 сағат 00 минутта қатынайды. Омбы қаласынан Павлодар қаласына дейін жол жүру құны 1400 рубль (шамамен 8 000 теңге).
  • Омбы-Көкшетау бағыты Омбы автовокзалынан 23 сәуірден бастап күнара жөнелтілетін болады. Жол жүру уақыты - 12 сағат. Омбы қаласынан Көкшетау қаласына дейін 953 рубльге жетуге болады (шамамен 5 420 теңге).
  • Омбы-Петропавл бағыты Омбы автовокзалынан 22 сәуірден бастап күн сайын 08 сағат 05 минутта жөнелтіледі. Омбы қаласынан Петропавл қаласына дейін жол жүру құны 550 рубль (шамамен 3 120 теңге).

Кеше, 19 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Омбы облысының губернаторы Александр Бурков Омбыдан Қазақстан қалаларына тікелей әуе рейстеріне қатысты мәселені талқылады.

Бурков Омбы — Нұр-Сұлтан тікелей рейстері сұранысқа ие екенін айтты. Қазіргі уақытта Алматы, Павлодар, Петропавл, Шымкент және Ақтауға тікелей рейстер туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965924-qazaqstan-men-resei-arasynda-xalyqaralyq-avtobus-bagyttary-qaita-zandanady/

pixel