Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандық әйел 24 жыл бойы төлқұжатсыз жүрген

Опубликовано:

Жүргізуші куәлігі
Көрнекі фото: kolesa.kz

Түркістан облысының полицейлері 24 жылдан бері төлқұжатсыз жүрген әйелді құжаттандырды. Созақ АПБ-ның көші-қон қызметі бөліміне орта жастағы азаматша жеке басын құжаттандыруға өтініш білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, ол 1998 жылы отбасылық жағдайына байланысты Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға көшіп келген. Содан бері 24 жыл бойы құжатсыз жүрген.

"Өтінішті алысымен көші-қон полицейлері бірден тіркеп, шұғыл түрде Шахноза Мадаминованың құжаттарын рәсімдеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары әйелдің жеке басын анықтайтын төлқұжатын заңға сәйкес жасап берді", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде қаншама жыл күткен құжатын алған тұрғын көші-қон қызметі полицейлеріне өз алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965953-turkistandyq-aiel-24-zyl-boiy-tolquzatsyz-zurgen/

pixel