Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңбырдың соңы қарға ұласады": Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

"Қазгидромет" РМК ресми сайтында 21-23 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, 22 сәуірден бастап, елдің солтүстік жартысына суық солтүстік-батыс антициклоны әсер ете бастайды.

Осыған байланысты алдағы күндері солтүстік аймақтарда жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Мәселен, облыста түнде 3-8 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Сонымен қатар елдің батысы мен шығысында да қатты жаңбыр күтіледі. Шығыста тіпті, жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

Дегенмен оңтүстік өңірлерде күн жылы болады. Бұл аймақтарда найзағай мен қысқа мерзімді жаңбырға қарамастан, жоғары температура сақталатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965981-zanbyrdyn-sony-qarga-ulasady-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel