Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дүкеніңді өртейміз": Ақтөбеде ер адамды бопсалағандар ұсталды

Опубликовано:

Күдіктілердің ұсталған сәті
Күдіктілердің ұсталған сәті. Видеодан кадр: polisia.kz

Ақтөбеде тұрғынды "дүкеніңді өртейміз" деп қорқытып, ақша бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайттың мәліметінше, 12 сәуір күні Ақтөбе облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне 48 жастағы ер адам хабарласып, арызданған.

Ол белгісіз біреулер "азық-түлік дүкеніңді өртейміз" деп қорқытып, бопсалағанын айтқан.

Күдіктілер ай сайын 400 мың теңге төлеп тұруды талап еткен.

Ер адамның арызынан кейін криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның барысында төрт күдікті ұсталған. Олар 100 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде ұсталған.

Күдіктілер қылмыстарын мойындаған. Сондай-ақ олардан 100 мың теңге тәркіленген.

Қазіргі уақытта аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі бойынша ("Қорқытып алу") сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған.

Екі күдікті Ақтөбе қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Айта кетейік, күдіктілердің кінәсі дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, үш жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966008-dukenindi-orteimiz-aqtobede-zergilikti-turgyndy-bopsalagandar-ustaldy/

pixel