Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тұрғындар кәріз құдығының қақпағын ұрлайтындар азаймай тұрғанын айтып, дабыл қақты

Опубликовано:

кәріз құдығының қақпағы
Видеодан кадр: Алматы телеарнасы

Алматыда кәріз құдығының қақпағын ұрлайтындар азаймай тұр. Тұрғындар Медеу ауданындағы бір ғана көшенің бойында оншақты кәріз құдығының ашық жатқанын айтады, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

"Бір ай бұрын көшенің басындағы 3 құдықтың қақпағын алып кетті. Балалар құдықтың ішіне құлайды. Құдық ішіндегі допты аламыз деп сонда түседі. Әрдайым қасында жүреміз", - дейді Думан ықшам ауданының тұрғыны Эльмира Ыдырысова.

"Балалар ойнап жүр, құлауы да мүмкін. Одан кейін көліктер де түсіп кетеді. Екі жарықтандыру істемейді, түнде жүрудің өзі де қауіпті бұл жерде", - дейді тағы бір тұрғын Ержан Қасаев.

Телеарна мәліметінше, соңғы уақытта бір ғана Думан ықшам ауданында 280 құдықтың қақпағы ұрланған. Салдарынан 4 миллион теңгеден астам шығын келген.

Ал мердігер ұйым бұл жайлы полицияға хабарлағанын айтады.

"Жоғалған сайын орнына әрдайым қақпағын қоятын болсақ, әкімшілікке де және жол құрылысымен айналысатын компанияға да шығын болады. Қазіргі кезде Медеу аудандық полиция басқармасына арнайы хат жаздық", - дейді мердігер ұйым өкілі Нұрбол Әліпов.

Ал Алматы қалалық полиция департаменті қазіргі кезде аталған факт бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталғанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966023-almatyda-turygndar-kariz-qudygynyn-qaqpagyn-urlaityndar-azaimai-turganyn-aityp-dabyl-qaqty/

pixel