Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды

Опубликовано:

кісен11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұловтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемір ауылындағы өрт және жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс аясында, 19 сәуірде прокуратураның келісімімен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы Қылмыстық кодекстің 453-бабы бойынша ("Қызметке салғырт қарау") күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп мәлім етті ведомстводан.

Еске сала кетейік, былтыр 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болған еді.

Төтенше жағдайдың салдарынан 17 адам қаза тапты. Бір әскери қызметкер әлі күнге дейін іздестірілуде.

Ал биыл 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қайдар Қарақұлов "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966033-tarazda-general-maior-qaidar-qaraqulov-ustaldy/

pixel