Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рудныйда 70-тен астам студент колледж асханасындағы тамақтан уланып қалды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Рудный қаласындағы колледж асханаларының бірінде студенттер жаппай тамақтан уланып қалды. Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы студенттердің қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, Рудный тау-кен технология колледжінің 70-тен астам студенті жергілікті асханадағы тамақтан уланған.

Жүрек айну сынды белгілерді байқаған студенттер жаппай ауруханаға жүгіне бастаған. Алайда 10 студентке медициналық көмек қажет болған. Олар ауруханаға жатқызылған.

"Жағдайлары негізінен жеңіл және орташа ауыр. Көпшілігі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Дәрігерлер науқастардың асқазанын жуып, алғашқы көмек көрсетті, сосын үйіне қайтарды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Бесағаш ауылында донерден жаппай улану фактісі тіркелген еді.

Медициналық мекемеге денсаулық жағдайына шағымданған 18 адам жүгінген, олардың арасында жас балалар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966054-rudnyida-70-ten-astam-student-kolledz-asxanasyndagy-tamaqtan-ulanyp-qaldy/

pixel