Генерал-майор Қайдар Қарақұлов изолятордан босатылды

Опубликовано:

Қайдар Сәмиғоллаұлы Қарақұлов
Қайдар Қарақұлов: sarbaz.kz

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов изолятордан босатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің Әскери-тергеу басқармасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бас прокурордың көмекшісі қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қажеттілігінің болмауына байланысты Қайдар Қарақұловты уақытша ұстау изоляторынан босатты. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - деді ведомстводан.

Айта кетейік, Қайдар Қарақұловтың 19 сәуір күні ұсталғаны белгілі болған еді. Ол Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемір ауылындағы өрт және жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс аясында Қылмыстық кодекстің 453-бабы бойынша ("Қызметке салғырт қарау") күдікті деп танылған.

Биыл 15 наурызда Қайдар Қарақұлов мемлекет басшысының өкімімен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966088-general-maior-qaidar-qaraqulov-izolyatordan-bosatyldy/