Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда алып нәресте дүниеге келді (фото)

Опубликовано:

Алып нәресте дүниеге келді
Фото: Instagram/ densaulyk.zhambyl

Тараз қаласында салмағы 5 келі болатын алып нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы Instagram-дағы ресми парақшасында.

Ведомстовның мәліметінше, 19 сәуір күні сағат 09:45-те Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығына 29 жастағы жүкті әйел түскен.

Дәрігерлердің қарап-тексеруінен кейін бірден консилиум ұйымдастырылып, онда анасы мен баласын аман-есен босандырып алу мәселесі шешілген.

Өйткені, құрсақтағы бала жамбасын төмен қаратып, басын жоғары қарай бағыттап жатқан және басқа да зерттеулерге қарағанда нәрестенің салмағы әдеттегіден үлкен көрінген.

Мамандардың айтуынша, кейде анасының құрсағында жамбасын төмен қаратып жататын салмағы үлкен балалар табиғи жолмен дүниеге келеді және босандыру процесі де жақсы өтеді. Бірақ бұл жағдайда нәрестенің салмағынан бөлек, ананың метаболикалық синдромы қиындық тудырған.

Ана мен бала амандығын қамтамасыз ету үшін дәрігерлер әйелді шұғыл түрде кесір тілігі арқылы босандыру туралы шешім қабылдаған.

Нәтижесінде сағат 10:46-да салмағы 5000 грамм, бойы 62 см болатын қыз бала дүниеге келген. Мұндай нәрестелер медицинада "алып" деп аталады дейді ақ халаттылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966120-tarazda-alyp-nareste-duniege-keldi-foto/

pixel