Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қызды "ұрлап кеткендердің" видеосына қатысты полиция пікір білдірді

Опубликовано:

Алмаьыда қыз ұрлағандар видеоға түсіп қалды
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_brothers

Әлеуметтік желіде Алматыда белгісіз біреулердің көшеде бойжеткенді "ұрлап кеткен" видеосы тарауда. Видеоға қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Telegram-дағы Zhest_kz арнасында жарияланды.

Кадрдан жол жиегінде тоқтап тұрған ақ түсті көлікке бойжеткеннің бара жатқанын, бір сәтте қаша жөнелгенін, ал көліктің ішінен екі жігіттің шығып, қызды қуа жөнелгенін байқауға болады.

Қызды қуып жеткен жігіттер бойжеткеннің қарсылық танытып, айқайлағанына қарамастан, оны көлікке күштеп отырғызып, белгісіз бағытта алып кетеді.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, адам ұрлау дерегі бойынша ешқандай арыз-шағым түспеген.

"102" пультіне және бөлімшелерге бұл оқиғаға қатысты ешқандай дабыл, өтініш және арыз түскен жоқ. Қазіргі уақытта жедел бөлімше мән-жайды анықтау бойынша тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

Тәжірибеге сүйенсек, бұл пранк немесе шығармашылық түсірілім болуы да мүмкін. Бұл қарастыратын нұсқалардың бірі. Анық емес. Қалай болғанда да, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966123-almatyda-qyzdy-urlap-ketkenderdin-videosyna-qatysty-policiya-pikir-bildirdi/

pixel