Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда мектептен шыққан өрт сөндірілді

Опубликовано:

Павлодарда мектептен өрт шықты. Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: NUR.KZ

Павлодарда мектептен шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметініне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, тілсіз жау сағат 10.15-те сөндірілген. Өрт 1220 шаршы метр аумақты қамтыған.

Сонымен қатар оқиға орнынан 1975 жылы туған әйел адам "жану өнімдерімен улану" диагнозы бойынша ауруханаға жеткізілген. Жағдайы орташа ауыр дейді өңірлік ТДЖ департаментінен.

Сондай-ақ тілсіз жауды ауыздықтау үшін оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 70 қызметкері мен 13 техникасы, Апаттар медицинасы орталығынан 4 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 3 маманы мен 3 көлігі жұмыс істеген.

Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

Айта кетейік, бұған дейін облыстық ТДЖ бүгін таңғы сағат 8 шамасында Торайғыров көшесінде орналасқан №28 мектепте өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскенін, оқиға орнынан 567 адамның қауіпсіз жерге шығарылғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966127-pavlodarda-mektepten-syqqan-alapat-ort-sondirildi/

pixel