Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылына қатысты қуанышты жаңалықты бөлісті

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі
Фото: primeminister.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Сенат отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында жаңа оқу жылында барлық мектептің дәретханасы ғимарат ішінде болатынын хабарлады, деп жазады Қазақпарат.

Оның мәліметінше, екі жыл бұрын елдегі 2700 мектептің дәретханасы далада орналасқан.

"Жалпы мектептеріміздің саны 7500 екенін ескерсек, бұл өте үлкен пайыз. Екі жылда күрделі жұмыстар жүргізілді, қазіргі уақытта 50-ге жуық көше дәретханалары қалды. Бұл үлкен прогресс. Дегенмен, бұл өте қиын жұмыс, себебі сол 2700 мектептің көпшілігінде кәріз де, сумен жабдықтау да болған жоқ. Әсіресе бұл орталықтандырылған кәрізі жоқ, суы жоқ ауылдық елдімекендер еді", - деді білім және ғылым министрі.

Асхат Аймағамбетов келесі оқу жылы басталғанша әкімдіктер 50 мектептегі дәретхана мәселесін толық шешуге бекініп отырғанын жеткізді.

"Жұмыс істеп тұрған санитарлық тораптарда да бұзушылықтардың екі түрі кездеседі: біріншісі – біз жүргізген тексерулер дәретханалар бар уақытта жұмыс істемейтінін көрсетеді. Сондықтан санитарлық қызметтер оларға қатты айыппұл салады. Екінші мәселе – қала мектептеріндегі санитарлық тораптардың жағдайы", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966160-asxat-aimagambetov-zana-oqu-zylyna-qatysty-quanysty-zanalyqty-bolisti/

pixel