Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда педагог-әйел барда бейтаныс арудың жағын сындырып жіберген

Опубликовано:

Бишілер
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда 28 жастағы мұғалім әйел барда бейтаныс арудың жағын сындырып, денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Алайда ол бірден амнистияға ілікті. Бұл ретте педагог жәбірленушіге өтемақы ретінде 1,1 миллион теңге төлеуі тиіс, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, Қарағандыдағы ​​жоғары оқу орындарының бірінің оқытушысы өткен жылы мамыр айында бардың ішінде жәбірленушіге дене жарақатын салған.

Сотталушы жігітімен және достарымен бірге демалып отырыпты.

Жәбірленуші мен оның құрбысы түн ортасынан кейін көңіл көтеру мекемесіне келген. Бір кезде мұғалім мен арудың арасында жанжал туындаған.

Қыздар бір-біріне тура ұмтылғанымен, оларды сол жердегілер ажыратып алған көрінеді.

Дәл сол уақытта, тергеушінің дерегінше, сотталушы жәбірленушінің бетінен жұдырықпен салып жіберген.

Оқиғадан кейін мұғалім мен оның компаниясы бардан шығып кетеді.

Әйелдің соққысынан кейін ару есінен танып қалған. Оны мекемеден әлдекімдер шығарып жіберген. Есін жинағанда ол жағының ауырсынып тұрғанын аңғарады. Содан кейін құрбысымен бірге үйіне барып, таңертең медициналық мекемеге жүгінеді.

Дәрігерлер оның жағының сынғанын анықтапты.

Сотта жәбірленуші алғашында барлығын бейбіт жолмен шешкісі келгенін айтып, сотталушыдан болған оқиға үшін кешірім сұрауын өтінген. Алайда ол ешқандай шара қолданбағандықтан, бойжеткен істі сотқа беру туралы шешім қабылдаған.

Мұғалім өзі кінәсін мойындаған жоқ. Ол бейтаныс аруды ұрмағанын алға тартты. Сот оқытушының сөзін қолдаған жігітінен де жауап алды.

Іс бойынша жиналған барлық айғақтар мен материалдарды зерделеп, Қазыбек би аудандық соты қарағандылық әйелді денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, рақымшылыққа байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Сондай-ақ сот жәбірленушінің пайдасына 1,1 миллион теңге өндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966169-qaragandyda-pedagog-aiel-barda-beitanys-arudyn-zagyn-syndyryp-zibergen/

pixel