Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы: Шымкентте Халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференция өтті

Опубликовано:

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Фото: Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Бүгін, 21-сәуір 2022 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде М. О. Әуезовтің 125-жылдығына арналған "ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ-20: Мұхтар Әуезов мұрасы–ұлт қазынасы" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ашылды.

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Фото: Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Іс-шараны ашқан оқу орнының Басқарма Төрағасы-Ректор Д.П.Қожамжарова қатысушыларды құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Өз лебіздерін онлайн және оффлайн режимінде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі – Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы; жазушы, мұхтартанушы, алаштанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай; филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, абайтанушы және мұхтартанушы Мекемтас Мырзахметұлы және ұлы жазушының ұрпағы, филология ғылымдарының кандидаты, Мұхтар Әуезов мемориалдық мұражай-үйінің директоры Диар Асқарұлы Қонаев өз тілектерін білдірді.

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Фото: Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Конференцияға шет елдік ғалымдар да қатысып, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ректорының өкілі Женгиз Томар, Ферғана политехникалық институтының «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Ахунбаев Адил баяндама жасады.

Конференция жұмысы жалғасып, М. Әуезов атындағы ӘӨИ "Қолжазба және фольклортану" ғылыми-инновациялық орталығының директоры, филол.ғ.к., профессор Төрәлі Еділбайұлы, филол.ғ.к., профессор, Халықаралық Тұран академиясының академигі, халықтар Достығы орденінің иегері, мәдениет саласына еңбегі сіңген қайраткер Сейданов Қалдыбек баяндама жасады.

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Фото: Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Сонымен қатар конференцияда «Мұхтартану» ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, филол.ғ.к., доцент Ақжол Қалшабек «М. Әуезовтің Оңтүстікке сапары» атты тақырыбында, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлем тілдері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, философия докторы (PhD) Исабекова Гүлнұр «М. Әуезов мұраларындағы гуманистік идеяның сипаты»атты тақырыбында, Шымкент қалалық «Дарын» орталығының директоры Джеренова Раушан «Мұхтар Әуезов туындылары- қазақ жастарының мәңгілік мұрасы» атты тақырыбында және Қазақстан Республикасы суретшілер және кинематографистер одағының мүшесі Ходжикова Сәуле «О произведениях Мухтара Ауэзова в киноискусстве Кулахмеда Ходжикова» атты тақырыбында баяндама жасады.

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Фото: Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Конференция барысында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мұхтартану» ғылыми орталығының ғалымдары дайындаған «М. Әуезовтің Оңтүстікке сапары» атты кітабының, сонымен қатар М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдарының дайындаған «Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы» атты 3 томдық, «Ғашықтық жырлары» атты 5 томдық және «Ұлы даланың көне сарындары» атты 2 томдық кітаптарының да тұсаукесерлері өтті.

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966175-muxtar-auezovtin-125-zyldygy-symkentte-xalyqaralyq-gylymi-taziribelik-konferenciya-otti/

pixel