Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тауларында қар көшкінінен аман қалған француз санавиациямен өз еліне жеткізілді

Опубликовано:

Кристоф Петьо
Кристоф Петьо. Фото: ЦГКБ Алматы

Алматы тауларында қар көшкіні кезінде зардап шеккен Франция азаматын санавиация өз отанына жөнелтті. Бұған дейін ер адам жарақатына байланысты Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында емделген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, зардап шеккен Кристоф Петьоның өзі дәрігер. Алған жарақаттарына қарамастан, оны эвакуациялау сәтті жүзеге асқан, ал қазір Петьо Францияда емделуде.

Алматы ауруханасынан жазылып шығарда ол дәрігерлерге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

"Мен қайғылы жағдайға тап болдым, соның салдарынан ауруханаға түстім. Қазақстан медицинасына және әрине, емхана қызметкерлерінің жұмысына өте ризамын. Оларға алғыс айтқым келеді. Аурухананың барлық медицина қызметкерлеріне кәсібилігі, біліктілігі, ілтипаты мен достық қарым-қатынасы үшін рақмет. Маған олардың қызмет көрсеткені ұнады. Ұжымдарыңызға зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс және барлық жақсылықты тілеймін", - деп сөзін түйіндеді емделуші.

Францияның бас консулы Алексис Шахтахтинский де отандасына көрсетілген көмегі үшін алғысын жаудырды.

"Аурухананың бас дәрігері Ұлықбек Медеубеков бастаған барша ұжымына кәсіби міндеттерін адал атқарып, отандасым Кристоф Петьоға барлық медициналық көмекті көрсеткендері үшін алғыс айтамын. Сізге және аурухананың әрбір медицина қызметкеріне шын жүректен денсаулық, қиын да игілікті жұмыстарыңызға табыс тілеймін", - делінген Шахтахтинский атынан жіберілген хатта.

Еске сала кетейік, 13 сәуірде Алматы маңындағы Іле Алатауының Молодежный шыңы аймағында қар көшкіні болды. Екі адам қардың астында қалды. Құтқарушылар зардап шеккендердің бірін алып шықты. Кейінірек екінші туристің денесі табылды.

Кейін қайтыс болған азамат пен зардап шегушінің Франция азаматтары екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966185-almaty-taularynda-qar-koskininen-aman-qalgan-francuz-sanaviaciyamen-oz-eline-zetkizildi/

pixel