Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таптырмас мүмкіндік": Otbasy bank алматылықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

пәтер1
Көрнекі фото: pixabay.com

"Отбасы банк" баспана іздеп жүрген алматылықтар үшін қуанышты хабарды бөлісті. Қаржы ұйымының мәлімдесінде аталған жаңалықты оңтүстік астананың тұрғындары көптен бері күткені айтылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Отбасы банкінің" Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Екінші деңгейлі банк серіктестерімен бірге алматылықтарды арнайы жәрмеңкеге шақыруда. Қаржы ұйымының мәліметінше, іс-шара 23-24 сәуір күндері оңтүстік астанадағы "Алматы басжоспар" ғимаратында өтпек.

"Бұл баспана іздеп жүргендер үшін таптырмас мүмкіндік.

Өйткені, тек біздің жәрмеңкеде сіз үшін ең өзекті тұрғын үй алаңдарының барлығы жиналады. Сіз барлық ұсыныстармен танысып, "Отбасы банкінің" мамандарынан кеңес ала аласыз", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тәуелсіз сарапшы Жеңіс Шәріпұлы еліміздегі пәтер бағасына қатысты болжам жасаған еді. Оның сөзінше, жыл соңына дейін баға тағы өсуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966193-taptyrmas-mumkindik-otbasy-bank-almatylyqtarga-undeu-zasady/

pixel