Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада жас қызға тиіскен күдікті автобустағы камералардың көмегімен ұсталды

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласында көпқабатты үйдің кіреберісінде жас қызға тиіскен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

CTS компаниясының баспасөз хатшысы Наузат Азанбаева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында автобустағы бейнебақылау камераларының арқасында күдіктінің ұсталғанын жеткізді.

"Кеше, 20 сәуірде 16 жасар қыз балаға белгісіз ер адам қысым көрсетті деген хабар тарады. Ол мектеп оқушысын автобуста келе жатып, артынан подъезге дейін барған. Бағына қарай, қыз оған тойтарыс беріп, қашып құтылды. Бұл жаңалық талай қазақты елең еткізді. Мен өзім де 16 жасар қыздың анасымын және бұл жаңалық мені қатты таңқалдырды. Тәулігіне 24 сағат балалармен бірге бола алмайтынымыз және баланы үнемі қадағалау мүмкін емес екені анық", - деді ол.

Осы орайда Наузат Азанбаева сақтық шаралары туралы тізіп шықты:

  • Егер сіз автобуста сіздің денеңізге үнсіз қол тигізіп жатқанын байқасаңыз, дауыстап көмек сұраңыз, осылайша адамдардың назарын аударасыз;
  • Автобуста жолаушылар болмаса, жүргізушіге хабарлаңыз;
  • Адамдардың назарын аударудан тартынбаңыз;
  • Артыңыздан зиянкестің келе жатқанын көрсеңіз, подъезге кірмеңіз, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға барып, көмек сұраған дұрыс;
  • Міндетті түрде 102 телефоны бойынша полицияға, немесе 112 жедел телефонына хабарласыңыз

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны полицейлерге 16 жастағы қызын аңдыған бейтаныс ер адам үйінің кіреберісіне дейін қызының соңына түсіп, оған тиіспек болды деген шағым түсіргенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966211-elordada-zas-qyzga-tiisken-kudikti-avtobustagy-kameralardyn-komegimen-ustaldy/

pixel