Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, жел: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

ит
Көрнекі фото: pixabay.com

Метеорологтар еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктер мәліметінше, ертең, 22 сәуірде Павлодар облысында, Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр болады. Павлодарда қар жаууы ықтимал.

Сонымен қатар Түркістан облысында, Шығыс Қазақстан облысы, Ақмола облысында, Қызылорда облысында, Қарағанды облысында, Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе облысында, Атырау облысында, Маңғыстау облысында жел тұрады. Оның екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Мамандар Ақтөбе облысында, Қызылорда облысында, Түркістан облысында, Атырау облысында найзағай жарқылдайтынын, Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысында тұман түсетінін ескертті.

Бұдан бөлек, Ақмола облысында көктайғақ болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер сәуір айына арналған маусымдық ауа райы болжамын ұсынды.

Метеорологтардың хабарлауынша, көктемнің екінші айында республиканың көп бөлігінде қар еріп, күн ұзарып, ауа температурасы одан әрі жоғарылайды.

Бұл айда найзағай, бұршақ, шаңды дауыл сияқты құбылыстар жиі кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966214-qar-zel-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/