Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында шопан бағып жүрген малдарын сатып жіберген

Опубликовано:

Шопан малды сатып жіберген
Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысында шопан бағып жүрген малдарын сатып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны 14 сәуірде Жуалы ауданында орналасқан шаруа қожалығындағы шопаны өзіне сеніп тапсырылған 22 қойы мен 22 ешкісін иемденіп кеткені айтып шағымданған. Келтірілген шығынның көлемі 1,3 млн теңгеден асқан. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Тараз қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстады.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында шопанның өз жұмысын пайдаланып, малдарды сатқаны және ақшаны иемденгені анықталды. Ер адам 10 қой мен 8 ешкіні ВАЗ 2114 автокөлігіне айырбастап жіберген. Қалған малдарды 110 мың теңгеге сатқан.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966221-zambyl-oblysynda-sopan-bagyp-zurgen-maldaryn-satyp-zibergen/

pixel