Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 20 күн бұрын жоғалған ер адамның мәйіті ен даладан табылды

Опубликовано:

Алексей Лисюков
Фото: instagram.com/_astana_volontery_lider.kz

Саран шоссесі аймағында із-түзсіз жоғалған 29 жастағы Александр Лисюковтің денесі табылды. Туыстары оның мәйітін таныды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Александр Лисюковтің жоғалғаны туралы ақпаратты еріктілер таратқан еді. Онда ер адамның 1 сәуір күні Қарағандыдан автобуспен Ақтас ауылына аттанып, діттеген жеріне жетпей, жолда түсіп қалғаны туралы айтылған болатын. Осыдан кейін оны ешкім көрмеген. Жоғалған азаматты іздеу жұмыстарымен еріктілер мен полиция айналысты. Тек 20 күннен кейін ғана оның мәйіті Саран шоссесі аймағынан табылды.

"21 сәуір күні Қарағанды ПБ Михайлов полиция бөліміне Саран шоссесі аумағында ер адамның мәйіті табылғаны хабарланған еді. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы аталған фактіні растады. Мәйітте дене жарақаттары анықталмады. Оны ауылдың 18 жастағы тұрғыны тауып алған", - деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомство марқұмды туыстары танығанын атап өтті. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалған, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966223-qaragandyda-20-kun-buryn-zogalgan-er-adamnyn-maiiti-en-daladan-tabyldy/

pixel