Павлодарда өртенген мектептің оқушысы ауруханаға түсті

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодардағы бүгін өртенген №28 мектеп оқушысы медициналық көмекке жүгінді. Оқушы аурухананың соматикалық бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Облыстық балалар ауруханасына сағат 19:28-де 8 "в" сынып оқушысы түсті. Ол 2007 жылы туған, №28 мектепте оқиды және өрт шыққан кезде сабақта болған. Эвакуациядан кейін үйіне қайтқан. Сосын ауруханаға процедураға барып, қайтадан үйіне барған кезде басы ауыратынын сезінген", - дейді Павлодар қалалық білім бөлімінен.

Білім бөлімінің мәліметіне сәйкес, ата-анасы жедел жәрдем шақыртқан. Қыз бала аурухананың соматикалық бөліміне жатқызылды.

Қазір оның денсаулығы бірқалыпты.

Еске сала кетейік, Павлодарда мектептің 200 шаршы метр аумағы өртеніп кеткен еді. Өрт шыққан мектепте мұғалім зардап шекті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966231-pavlodarda-ortengen-mektep-oqusysy-auruxanaga-tusti/