Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір апта ішінде аяғы ісіп кетті": 7 жасар ұлы қатерлі дертке шалдыққан көпбалалы ана көмек сұрады

Опубликовано:

Әлинұр
Фото: жеке мұрағатынан

Нұр-Сұлтан қаласының кішкентай тұрғыны Әлинұр Сейілхан былтыр бірінші сыныптың табалдырығын аттады. Алайда білімге талпынған балақайдың қуанышы көпке созылмады. Аяғының ауыратынын жиі айтқан ол сабақтан босатылып, кейін дәрігерлер Әлинұрдың қатерлі дертке ұшырағанын анықтайды. Бүгінде ол Түркия ауруханасында ем алып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлинұр - бес балалы отбасындағы екінші перзент. 2021 жылға дейін денсаулығында еш ақау болмаған. Тек былтырдан бастап аяғының жиі ауыратынын айтып, шағымдана беріпті. Анасы Балғын Темірованың айтуынша, Қазақстанда биопсия дұрыс алынбағандықтан, ұлының аяғы бір аптаның ішінде ісіп кеткен.

"Бәрі де былтыр басталды. Дені сау баламнан мұндай дерт табылады деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмеген еді. Бірінші сыныпқа барардың алдында аяғының ауырғанын айта берген соң, дәрігерлерге көрсеттім. Олар кальций жетіспейтінін айтып, шығарып салды. Қыркүйекте сабақ басталды, ұлымның дерті жанын жей бастады. Ақыры биопсия тапсырдық. Содан соң, Әлинұрдың аяғы бір аптаның ішінде ісіп кетті. Біздегі дәрігерлер анализді дұрыс алмаған екен. Оның үстіне, биопсия қорытындысы бойынша ұлыма сүйектің қатерлі ісігі диагнозы қойылды", - дейді анасы.

Әлинұрдың анасы жұбайымен бірге бес бала тәрбиелеп отыр. Отыз жасында бесінші сәбиін дүниеге әкелген келіншек қазір екі айлық нәрестесіне де ауадай қажет.

"Ұлымды емдетіп бастағанда аяғым ауыр еді. Әлинұрды Түркияға алып келдік. Бесінші баламды осы Стамбулда босандым. Қазір қатерлі дертке шалдыққан ұлыма, кішкентай сәбиіме қарау оңай емес. Үш балам елде қалды. Ана жүрегім қарс айырылса да, осы бір сынақтан аман өту үшін барымызды салып жатырмыз. Отаның жалпы құны 113 мың АҚШ долларына тең. Оның 51 мың долларын жинап, бес курс химиотерапия алдық.

Сүйектегі ісік сәтті алынып, отадан аман-есен жаны қалды. Бізге әлі 7 курс химиотерапиядан өту қажет. Аурухана алдындағы қарызымыз 16 мың долларға жетті. Егер екі аптаның ішінде қажетті қаражатты таппасақ, дәрігерлер Әлинұрды әрі қарай емдемейміз деп отыр. Қазір қатты қысылып тұрмыз. Баламыздың еміне ақша жинау үшін бар нәрсемізді саттық. Өзімнің, әкемнің көлігін сатып жібердік. Үйіміз жоқ, көпбалалы отбасы ретінде кезекте тұрмыз. Қасиетті айда барша мейірімді жандардан көмек сұраймыз. Ұлымды аман алып қалуға көмектесіңіздерші", - дейді Балғын.

7 жасар Әлинұр Сейілханға көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspi : 4400 4301 4324 3480

+7 702-722-47-57

ЖСН: 911107400863

Балғын Темірова (анасы)

Халық банкі: 4405 6397 9653 3139

+7 702 722 47 57

ЖСН: 911107400863

Балғын Темірова (анасы)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966233-bir-aptanyn-isinde-ayagy-isip-ketti-zeti-zasar-uly-qaterli-dertke-saldyqqan-kopbalaly-ana-xalyqtan-komek-surady/

pixel