Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде автобус қаққан 5 жасар қыз бала қаза тапты (видео)

Опубликовано:

қоғамдық көлік
Фото: pixabay.com

Өскеменде 5 жасар қыз бала автобустың астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 21 сәуір күні 17:15 шамасында Бажов көшесінде болған.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушыларды аялдамадан түсірген кезде қауіпсіздік талаптарын сақтамай, 5 жасар қызды қағып кеткен.

Салдарынан бүлдіршін оқиға орнында қаза тапқан.

Қазіргі уақытта Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөз бар!

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында жол талғамайтын көліктің жол жиегіне аударылуы салдарынан екі адам қаза тапқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966245-oskemende-avtobus-qaqqan-5-zasar-qyz-bala-qaza-tapty-video/

pixel