Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

көктем
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 22 сәуірде Шымкент пен Алматыда күн ашық болады. Ал елордада күн аздап суытады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, осы аптаның соңғы жұмыс күні Алматыда күн ашық әрі 21-23 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с.

Жұма күні шымкенттіктерді де шуақты ауа райы күтіп тұр – үшінші мегаполисте 26 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде. Дегенмен, синоптиктер желдің 8-13 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін ескертті.

Нұр-Сұлтанда бүгін бұлтты күн райы сақталмақ. Мамандар термометр бағанасы 6-8 градустан аспайды деп отыр. Тіпті түнде -3-5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар елордада желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады деп күтілуде.

Сонымен қатар, жұма, 22 сәуірде Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Павлодар облысында, Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр болады. Павлодарда қар жаууы ықтимал.

Түркістан облысында, Шығыс Қазақстан облысы, Ақмола облысында, Қызылорда облысында, Қарағанды облысында, Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе облысында, Атырау облысында, Маңғыстау облысында жел тұрады. Оның екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Мамандар Ақтөбе облысында, Қызылорда облысында, Түркістан облысында, Атырау облысында найзағай жарқылдайтынын, Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысында тұман түсетінін ескертті.

Бұдан бөлек, Ақмола облысында көктайғақ болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966260-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel