Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдерге аттестациядан өтуде жеңілдік бола ма

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Видеодан кадр: Youtube/Qazaqstan ұлттық телеарнасы

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерді аттестаттауға қатысты өзекті сауалдарға жауап берді. Сала басшысы 30 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдерге жеңілдіктер қарастыру жөнінде мәселе талқыланып жатқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатында министр елімізде 300 мыңнан астам педагог жұмыс істейтінін мәлімдеді.

"Олардың 260 мыңы ұлттық біліктілік тестін тапсырып тиісті категориясын алған. Сол категорияларына байланысты 30 пайыздан 50 пайызға дейін ай сайын үстемақы алып отыр.

Ұлттық біліктілік тестін тапсырмаған 40 мың мұғалім ғана қалды", - деді ол.

Осы ретте Асхат Аймағамбетов жалпы ұлттық біліктілік тестілеуі не үшін керек екенін тағы да айтып өтті.

"Біз президенттің қолдауымен мұғалімдердің барлығына бірдей жалақысын көтердік. Жыл сайын балабақшада, мектепте, колледжде жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артып отырады. Соның ішінде өзінің білімі, біліктілігі, жетістігі бойынша алда тұрған мұғалімдердің жалақысы жоғары, әлі де көтерілетін болады", - деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, мұғалімдерді аттестаттаудың бұл жүйесі 2018 жылдан бастап енгізіле бастады.

Асхат Аймағамбетов ендігі кезекте 30 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдердің біліктілігі жөнінде мәселе зерттеліп жатқанын жеткізді.

"Үлкен зерттеу жүргізіп жатырмыз. 30 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдерге тиісті жеңілдіктер қарастыру жөнінде мәселе талқылану үстінде. Сондай-ақ зейнет жасына жақындап қалған әріптестеріміз бар. Әрине, осындай жағдайды да түсінуіміз керек. Жақын арада осыған қатысты ақпарат береміз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966296-30-zyl-enbek-otili-bar-mugalimderge-attestaciyadan-otude-zenildik-bola-ma/

pixel