Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодардағы мектептің өртенуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Павлодарда мектептен өрт шықты. Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: NUR.KZ

Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Ерлан Төрегелдиев Павлодардағы мектеп өртінің неден шығуы мүмкінін екенін айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ол кешегі өрт фактісі бойынша материалдар әзірге тексеріліп жатқанын алға тартты.

Төрегелдиевтің сөзінше, өрттің алдын-ала себебі - электр құралдарын, яғни стандартқа сай келмейтін электр ұзартқыштарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы. Бұл алдын-ала болжам ғана.

Аталған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта барлық білім беру нысандарының аумағына, қабатына қарамастан жоспарлы тексерулер жүріп жатыр. Яғни барлық объекті жоғары сын-қатер дәрежесіне жатады, сондықтан олар жиі тексеріледі. Бірінші жартыжылдыққа шамамен 8 мың нысан жоспарланған, олардың жартысынан көбі тексерілді. Мамыр айының соңы мен маусымның басында барлық тексерулердің нәтижесі халыққа жеткізіледі деп айтуға болады", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.

Айта кетейік, кеше Павлодарда №28 мектептен өрт шығып, 567 адам қауіпсіз жерге көшірілген еді.

Өткен аптада өңірдегі №1 мектепте де өрт болған еді. ТЖ салдарынан бес адам ауруханаға түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966337-pavlodardagy-mekteptin-ortenuine-bailanysty-qylmystyq-is-qozgaldy/