Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде демалыс күндері кей өңірде 10 градусқа дейін аяз болады

Опубликовано:

қыз бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 23-25 сәуір күндері елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ке сілтеме жасап.

Алдағы күндері еліміздің солтүстік өңірлері Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады. Бұл жауын-шашынның тоқтауына, түндегі ауа температурасының 5-10 аязға дейін төмендеуіне алып келмек.

Мамандар республиканың қалған аймақтарында жаңбыр жауады деп отыр. Өйткені, циклон Жерорта теңізінен ығысады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның шығысы мен орталығында жаңбыр, тұман, бұршақ, дауыл, найзағай күтіледі. Аталған өңірлерде көктайғақ та болуы ықтимал.

Келесі аптаның басында еліміздің басым бөлігінде күн қайта жылынып, термометр бағанасы 20-25 градусқа дейін көтеріледі, деді мамандар.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер сәуір айына арналған маусымдық ауа райы болжамын ұсынды.

Метеорологтардың хабарлауынша, көктемнің екінші айында республиканың көп бөлігінде қар еріп, күн ұзарып, ауа температурасы одан әрі жоғарылайды.

Бұл айда найзағай, бұршақ, шаңды дауыл сияқты құбылыстар жиі кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966346-elimizde-demalys-kunderi-kei-onirde-10-gradusqa-deiin-ayaz-bolady/

pixel