Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада үйінен шығып, қайта оралмаған жасөспірім қыз іздестірілуде

Опубликовано:

бойжеткен11
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылордада 14 жастағы Бернияз Аруназ Қайратқызына іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қызылорда қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, облыс орталығында тұратын жасөспірім қыз 21 сәуір күні үйінен шығып кетіп, содан бері қайта оралмаған.

Жоғалған қыздың ерекше белгілері: бойы - 1,60-1,65 метр, орта денелі, шашы қоңыр түсті, ұзын. Үстіне қызғылт-қоңыр күртеше, қара түсті шалбар, аяғына ақ түсті спорттық кроссовка киген.

"Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда мына телефон нөміріне 8 (7242)-29-75-20 немесе "102" арнасына хабар берулеріңізді сұраймыз", - дейді Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Айта кетейік, бұған дейін наурыз айының соңында жоғалып кеткен Маңғыстау облысының 26 ​​жастағы тұрғынын іздеуге тікұшақ жұмылдырылғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966352-qyzylordada-belgisiz-bagytqa-sygyp-ketken-zasospirim-qyz-izdestirilude/

pixel