Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

4 жасар ағасы байқаусызда басынан теуіп жіберген алты айлық сәби шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау облысында 4 жасар ағасы байқаусызда басынан теуіп жіберген алты айлық сәбиге шұғыл түрде ота жасалды. Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Блогердің мәліметінше, 20 сәуір күні кешкі сағат 19.35-те Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына алты айлық бала "жабық бас сүйек - ми жарақаты, еңбек сүйегінің сынуы, ми зақымы" диагнозымен түскен.

Ата-анасының сөзінше, төрт жасар баласы байқаусызда інісінің басынан теуіп жіберген.

Нәресте шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалған. Балалар нейрохирургі Ербол Кенжевалов бас сүйегінің трепанациясы отасын сәтті өткізіп, майысқан сүйек сынығын қалпына келтірген.

Қазіргі уақытта сәби травматология бөлімінде жатыр. Оның хәлі орташа ауыр деп бағалануда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында кезекші көлікпен балабақшаға жеткізілген 1,5 жасар балаға шұғыл түрде ота жасауға тура келген еді.

Кейін бүлдіршінді көлік қағып кеткені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966385-4-zasar-agasy-baiqausyzda-basynan-teuip-zibergen-alty-ailyq-sabi-sugyl-turde-auruxanaga-zetkizildi/

pixel