Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелімен ренжісіп қалған павлодарлық татуласу үшін полиция шақыртқан

Опубликовано:

полиция көлігі
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Павлодар қаласының тұрғыны әйелімен татуласу үшін ерекше тәсіл ойлап тапқан, деп хабарлайды Polisia.kz Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, ер адам отбасылық жанжалдан кейін полицияға қоңырау шалып, әйелін ақша ұрлады деп айыптаған.

Толстой көшесінен түскен шақыртуға келген учаскелік полиция инспекторы ешқандай ұрлықтың болмағанын анықтаған.

"47 жастағы павлодарлықтың әйелі отбасылық жанжалдан кейін ата-анасына кетіп қалған. Ер адам мас күйінде полицияға қоңырау шалып, 500 мың теңге көлемінде қаражаттың жоғалғанын хабарлап, осындай ерекше тәсілмен әйелін қайтармақ болған", - дейді Павлодар облыстық полиция департаментінен.

Дегенмен әйелі бәрібір ата-анасының үйінен қайтпаған.

Өз кезегінде полицейлер ер адаммен мұндай фактілерге жол бермеу үшін профилактикалық әңгіме жүргізгенін атап өтті. Ал ер адам түзеліп, әйелімен татуласуға уәде берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966401-aielimen-renzisip-qalgan-pavlodarlyq-tatulasu-usin-policiya-saqyrtqan/

pixel